Бір ұтыс тігу тым көп пе?
Betsson ойыншылары ойын ойнағанда көңіл көтергендерін қалаймыз, сондықтан әрқашан құмар ойындарды жауапкершілікпен ойнауға шақырамыз. Құмар ойындар көңілді болуы қажет. Ойынға ақшаны қарызға алу, қолыңызда бардан артық жұмсау немесе басқа мақсаттарға бөлінген қаражатты пайдалану ақылға қонымсыз әрекет және өзіңіз бен айналаңыздағы адамдарға елеулі проблемалар әкелуі мүмкін. Betsson ұжымы ойыншылардың ойын кезінде қауіпсіз және ойын тәсілдерін қолдануда ақылды болғанын қалайды.
Салқындау қажет пе?
Кейде мезгіл қызуы бізге қатты әсер етуі мүмкін. Егер өзін-өзі шығару мүмкіндігін қолданғыңыз келсе, Ұлттық өзін-өзі шығару реестірінде тіркелуді қарастыруыңызға болады. Бұл 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында лицензиясы бар барлық букмекерлік компаниялардан өз бетінше шығуға мүмкіндік беретін тегін қызмет. Өзін-өзі шығару туралы өтінішті жазбаша түрде жеке өзіңіз бересіз және ол мыналарды қамтуы қажет:
• толық аты-жөніңіз;
• жеке басыңызды куәландыратын құжат деректері;
• шектеу мерзімі;
• қолтаңбаңыз.
Өзін-өзі алып тастау өтініш формасын келесі электрондық поштаға жібере аласыз [email protected]
Өзін-өзі бағалау тесті
Егер құмар ойындарға әуесқой болуыңызға қатысты алаңдасаңыз немесе құмар ойындарға қатысты мәселе туындауы мүмкін деп күдіктенсеңіз, өзін-өзі бағалау тестін өтіп көріңіз. Нәтижелер құмар ойындарға қатысты әдеттеріңізді түсіну және құмар ойындарға байланысты кез келген ықтимал мәселелерді шешуге көмектеседі. Тест нәтижесі алаңдаушылық тудырса, өзін-өзі шығару мүмкіндігін белсендіруді қарастырыңыз немесе қосымша көмек пен кеңес алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бала лар туралы уайымдайсыз ба?
Егер ересек адам ретінде компьютеріңізді кәмелетке толмаған адамдармен бөліссеңіз, пайдаланушы аттары, құпиясөздер және банк мәліметтерін өзіңізден басқа ешкім пайдаланбауы үшін әрқашан қажетті сақтық шараларын қабылдаңыз. Мұны сіз үшін істей алатын бағдарламалық жасақтамалар бар, мысалы, NetNanny. Қосымша сұрақтарыңыз бар ма? Марапатқа ие тұтынушыларға қызмет көрсету мамандарына [email protected] [email protected] [email protected] мекенжайы бойынша хабарласыңыз және олар көмек көрсететін болады.
21+
21 жасқа толмаған кез келген адам үшінн Betsson арқылы шот ашу және/немесе құмар ойын ойнау заңсыз болып табылады. Компанияда кез келген тұтынушыдан жасын растайтын кез келген қосымша дәлелдеме сұрау құқығы бар және тиісті растау алынғанша аккаунтты уақытша тоқтата тұруы мүмкін.
Достарыңыз туралы алаңдайсыз ба немесе аккаунтты бұғаттауды қалайсыз ба?
Жақын досыңыз немесе отбасы мүшеңіздің құмар ойынға қатысты проблемасы бар деп алаңдасаңыз, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет. Олардың осындай мәселелер шешуде үлкен тәжірибесі бар және сізге де, сізді алаңдатып отырғ ан адамға да дұрыс көмек көрсете алады.
Сол сияқты, егер өзіңіз үшін алаңдасаңыз және бізде әлі аккаунтыңыз болмаса және құмар ойындардан бұғатталуды қалайтын болсаңыз, көмек пен кеңес алу үшін тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тәуелсіз ұйымдар
Құмар ойыншылар, құмар ойындарға тәуелді адамдар және олардың отбасы мен достарына көмектесетін ұйымдардың байланыс ақпаратын осында таба аласыз.
Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге шектен тыс әуестену тұлғаға келесі ықтимал тәуекелдер мен зияндарды әкеледі:
тәуелділік: құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушы мінез-құлқын бақылауды жоғалтады және ойынды тоқтата алмайды;
психикалық денсаулық: стресс, мазасыздық, күйзеліс және басқа психикалық бұзылулар;
әлеуметтік салдары: отбасымен, достарымен және әріптестерімен қарым-қатынастың нашарлауы, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулану;
жұмысқа және оқуға әсері: кәсіптік қызмет пен оқуға теріс әсер етіп, өнімділік пен оқу үлгерімін төмендетеді.
Тәуекелдерді азайту үшін жауапкершілікпен ойнау, құмар ойындарға және/немесе бәс тігуге жұмсалатын уақыт пен ақшаға шектеу қою және тәуелділіктің алғашқы белгілерінде медициналық ұйымнан көмек сұрау маңызды.
ӨЗІҢІЗГЕ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗҒА ҚАМҚОР БОЛЫҢЫЗ!







