2026 жылғы 24 мамырдағы № 26/05-24
Бұйрығымен Бекітілді
"«BHG»" ЖШС директоры
"«BHG»" ЖШС букмекерлік кеңсесінің мөлшерлемелер қабылдау және өткізілетін
бәс тігу қағидалары, жұмыс қағидалары
1. Шарттар
мен ережелер
(2026 жылғы 24 мамырдағы нұсқа, 2026 жылғы 24
мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасындағы
өзгерістерді ескере отырып)
Осы "«BHG»" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мөлшерлемелер
қабылдау және өткізілетін бәс тігу қағидалары, букмекерлік кеңсесінің жұмыс
қағидалары (бұдан әрі мәтін бойынша – Қағидалар) «Ойын бизнесі туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және бәс тігуге қатысушылар
мен "«BHG»" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің букмекерлік
кеңсесі (бұдан әрі – "«BHG»" ЖШС, Букмекерлік кеңсе, Біз, Betsson) орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Анықтамалар
· Бәс тігу –
қатысушылардың өз арасында не Букмекерлік кеңсемен ұтыс көзделіп, олар
қатыспайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім.
· Мөлшерлеме – Ойыншы
Букмекерлік кеңсеге беретін және осы Қағидаларға сәйкес бәс тігуге қатысудың
негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы.
· Ойыншы – бәс тігуге қатысушы – Букмекерлік кеңседе бәс тігуге қатысатын жеке тұлға. Бәс тігуге қатысушы (Ойыншы) тек жиырма бір жасқа толған, өзі
орналасқан елдің заңнамасына сәйкес бәс тігуге қатысуға құқығы бар, сондай-ақ
осы Қағидалардың шарттарымен өз келісімін білдірген әрекет қабілеті бар тұлға
ғана бола алады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бәс
тігуге қатысуы қандай да бір жолмен шектелген адам бәс тігуге қатысушы (Ойыншы)
бола алмайды.
· Букмекерлік кеңсе –
қатысушылармен (Ойыншылармен)
бәс тігуді жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы ("«BHG»" ЖШС).
· Коэффициент –
Букмекерлік кеңсе оқиғаның белгілі бір нәтижесіне белгілеген, ұтысты есептеу
үшін мөлшерлеме сомасы көбейтілетін сандық мән.
· Желі (Линия) –
Букмекерлік кеңсе бәс тігуді жасасу үшін ұсынатын, олардың нәтижелері мен
коэффициенттері көрсетілген алдағы спорттық жарыстардың тізбесі.
· Бонус (көтермелеу төлемі) – сәлемдесу ұсыныстары, шотты толықтырғаны үшін ақшалай жүлделер, депозитке ақшалай жүлделер, тегін мөлшерлемелер мен тәуекелсіз мөлшерлемелер сияқты материалдық сыйақыны қамтамасыз ететін кез келген жарнамалық ұсыныстарды қамтиды. Бонус (көтермелеу төлемі)
«Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңының ұғымында ұтыс болып табылмайды және тек
маркетингтік және жарнамалық мақсаттарда беріледі.
· Ойыншының аккаунты (аккаунт) – бәс тігуге қатысушы мөлшерлемелерді және бәс тігуге қатысу және ұтыстарды алу үшін қажетті өзге де операцияларды жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ бәс тігудің әрбір қатысушысы, бәс тігуге қатысушы беретін ақша, бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігудің нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты есепке алу үшін букмекерлік кеңсенің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігуге қатысушыны тіркеу кезінде аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ашатын бәс тігуге қатысушының дербес есептік жазбасы.
· Арбитраждық жағдай (Шанышқы-мөлшерлемелер)
– ойынның әділдігін бұзатын және бір оқиғаның қарама-қарсы нәтижелеріне
коэффициенттердегі айырмашылықты пайдалану есебінен Ойыншы (немесе бірнеше
Ойыншы) үшін ұтылу жағдайын жоққа шығаратын, Ойыншы немесе Ойыншылар тобы
жасасқан бәс тігу.
· Букмекерлік кеңсенің электрондық кассасы – мөлшерлемелер мен ұтыстар бойынша есеп айырысулардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін бірыңғай есепке алу жүйесі арқылы ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып мөлшерлемелерді қабылдау (есепке алу) жүзеге асырылатын және ұтыстарды төлеу жүргізілетін цифрлық жүйе/ақпараттық жүйе.
· Сайт – букмекерлік кеңсенің электрондық кассасының графикалық интерфейсі болып табылатын www.betsson.kz интернет-ресурсы және Букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшалары.
· Қағидалар – Сайтты пайдалану және бәс тігуге қатысу тәртібін реттейтін осы ережелер, шарттар мен регламент.
3. Негізгі ережелер
Қағидалар Букмекерлік кеңсе мен Ойыншы
арасындағы заңды түрде міндетті келісім болып табылады. Аккаунтты тіркеу
кезінде Қағидаларды қабылдау туралы тиісті батырманы басу арқылы Ойыншы
Қағидалармен танысқанын және оларды толық көлемде қабылдайтынын растайды.
Сайтта тіркеліп және осы Қағидаларды қабылдай отырып, Ойыншы (бәс тігуге Сайтта тіркеле отырып және осы Қағидаларды қабылдай отырып және/немесе мөлшерлеме жасай отырып, Ойыншы (бәс тігуге қатысушы) Букмекерлік кеңсе және оның уәкілетті тұлғаларының мынадай мақсаттарда өзінің дербес деректерін (оның ішінде тегін, атын, әкесінің атын, ЖСН, туған күнін, байланыс деректерін, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, банктік деректемелерін, БЕЖ-дегі бірегей сәйкестендіргішті және тіркел у кезінде көрсетілген өзге де деректерді) жинауға, өңдеуге, сақтауға,
сондай-ақ трансшекаралық беруге, сондай-ақ үшінші тұлғаларға (оның ішінде Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға) беруіне "«BHG»" ЖШС Букмекерлік кеңсесіне (БСН 230940020509) өзінің ерікті, саналы келісімін береді:
• Ойыншыны сәйкестендіру және тіркеу;
• Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға),
терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындау;
• құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімі және Борышкерлердің бірыңғай тізілімі бойынша тексеру;
• мөлшерлемелерді қабылдау, Бірыңғай есепке алу жүйесіндегі операцияларды есепке алу, ұтыстарды есептеу және төлеу, Букмекерлік кеңсенің қызметтерін көрсету және қызметін жүзеге асыру;
• Ойыншыны сервистер туралы хабардар ету, бонус бағдарламаларына қатысу, сондай-ақ телефон, мәтіндік хабарламалар және электрондық хаттар арқылы хабарламалар жіберу;
• Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары алдындағы міндеттемелерді орындау.
Ойыншының келісімі берілген кезден бастап дербес деректерді өңдеу мақсаттарына жеткенге дейін жарамды. Мөлшерлеме жасай отырып, Ойыншы Букмекерлік кеңсенің Ойыншы және оның операциялары туралы ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға бере алатынымен келіседі.
Букмекерлік кеңсе «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚР Заңына сәйкес Ойыншының алынған дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етеді және субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаса, олардың жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуына жол бермейді. Келісімді кері қайтарып алған жағдайда Букмекерлік кеңсе, оларды одан әрі сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына (оның ішінде салық заңнамасының және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы заңнаманың талаптарына) сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, 15 жұмыс күні ішінде деректерді өңдеуді тоқтатады.
Ойыншы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте келісімді кері қайтарып алу Сайтты одан әрі пайдаланудың және Букмекерлік кеңсенің қызметтер көрсетуінің мүмкін еместігіне әкеп соғуы мүмкін.
Ойыншы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес деректерді өңдеуге келісімін кері қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте келісімді кері қайтарып алу Сайтты одан әрі
пайдаланудың және Букмекерлік кеңсенің қызмет көрсетуінің мүмкін болмауына әкеп
соғуы мүмкін. Осы Қағидалармен реттелмеген барлық жағдайларда Қазақстан
Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.
Осы Қағидалар мен Қазақстан
Республикасының заңнамасы арасында қайшылық болған жағдайда заңнама нормалары
қолданылады. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында
көзделген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер
қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің
үлгілік қағидалары осы Қағидаларға қоса беріледі және олардың ажырамас бөлігі
болып табылады.
Осы Қағидалар Букмекерлік
кеңсемен букмекерлік кеңсенің кассасында көрінетін жерде, сондай-ақ
интернет-ресурстың және/немесе Букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшаларының
басты бетінде орналастырылады.
Букмекерлік кеңсе осы Қағидаларға
өзгерістер енгізуге құқылы. Өзгерістер Ойыншының құқықтары мен міндеттеріне
қатысты болған жағдайда, Букмекерлік кеңсе Ойыншыға мұндай өзгерістер туралы
олар күшіне енгенге дейін хабарлайды. Өзгерістер күшіне енгеннен кейін Сайтты
пайдалануды жалғастыру Ойыншының жаңартылған Қағидалармен келісетіндігін
білдіреді. Соңғы өзгерістер күні көрсетілген Қағидалардың өзекті нұсқасы Сайтта
орналастырылады.
4. Ұйымдастырушының
лицензиясы және деректемелері
Букмекерлік кеңсе өз қызметін 15.04.2024 жылы "